Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

817-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау мерзiмдерi

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді iстi қарауға құқық берілген орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы және iстiң басқа да материалдарын алған күннен бастап он бес тәулік ішінде қарайды. Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, іс ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама тиісінше жеткізілген кезден бастап он бес тәулік өткен соң қаралды деп есептеледі.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуге қатысушылардан өтiнiшхаттар келіп түскен жағдайда не iстiң мән-жайларын қосымша анықтау қажет болған кезде iстi қарап жатқан орган (лауазымды адам) iстiң қаралатын мерзiмiн ұзартуы, бiрақ бiр айдан аспайтындай етіп ұзартуы мүмкiн. Мерзімді ұзарту туралы уәжді ұйғарым шығарылады.
2-1. Қазақстан Республикасында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерінде төтенше жағдай енгізілген кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау мерзімі төтенше жағдай тоқтатылғанға дейін тоқтатыла тұруы мүмкін.
3. Әкiмшiлiк ұстап алуға ұшыраған адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс оны ұстап алған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешiктiрмей қаралады.
4. Егер өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам лауазымды адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғауына негіз болатын тексеру нәтижелеріне және өзге де мән-жайларға шағым жасаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарап жатқан орган (лауазымды адам) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің қаралу мерзімін соттың тиісті шешімі шығарылғанға және заңды күшіне енгенге дейін немесе өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адамның шағымын қарайтын органның (лауазымды адамның) шешіміне шағым жасау мерзімі өткенге дейін ұзартады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-817/