Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

821-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi

Об административных правонарушениях · № 235

1. Орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, мынадай қаулылардың бiрiн шығарады:
1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;
2) іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы;
3) әкімшілік жазадан рақымшылық жасау актісі негізінде босату туралы.
1-1. Егер әкімшілік құқық бұзушылық осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталса немесе тіркелсе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама түрінде ресімделеді, ол қысқартылған іс жүргізу тәртібімен мәні бойынша қаралған істерді қоспағанда, осы Кодекстің 817-бабына сәйкес қаралды деп есептеледі.
2. Орган (лауазымды адам) істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заңдық бағаның қате екенін мойындай отырып, құқық бұзушылықтың саралануын заңның онша қатаң емес әкімшілік жазаны көздейтін бабына немесе бап бөлігіне өзгертуге міндетті.
3. Көлік құралы жүргізушісін жол жүрісі қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.
3-1. Азаматтық және қызметтік қару иесін және (немесе) пайдаланушысын азаматтық және қызметтік қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін емтихан тапсыруға жіберу кезінде қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілетін адамға беріледі.
5. Іс бойынша іс жүргiзудi тоқтату туралы қаулы:
1) осы Кодекстiң 741-бабында көзделген іс бойынша iс жүргiзудi болғызбайтын мән-жайлар болған;
2) осы Кодекстiң 742-бабында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;
3) осы Кодекстiң 32-бабына сәйкес тұлғаны тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдары тиiстi органдарға берілетiн жағдайларда шығарылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-821/