Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
823-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыны жариялау және қаулының көшiрмесiн тапсыру
1. Осы Кодекстің 811-бабының екінші бөлігінде көзделген құқықты пайдаланбау немесе тиісінше пайдаланбау жағдайларын қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы іс қаралып біткен соң дереу жарияланады.
Мұндай жағдайларда көлік құралының меншік иесі (иеленушісі) «цифрлық үкімет» веб-порталында және (немесе) құқықтық статистика және арнаулы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органның ақпараттық сервисінде көрсеткен ұялы байланыстың абоненттік нөміріне осы Кодекстің Ерекше бөлігінің бабы санкциясында көрсетілген айыппұл сомасын аудару туралы мәтіндік хабар жіберіледі.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау нәтижелері бойынша шығарылған қаулы 744, 745, 746, 747 және 748-баптарда көрсетілген тұлғаларға жарияланған күнінен бастап үш тәулік ішінде табыс етіледі және (немесе) жолданады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-823/