Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

822-1. Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама және оны жіберу тәртібі

Об административных правонарушениях · № 235

1. Ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамада мыналар көрсетілуге тиіс:
1) ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ресімдеген органның атауы, орналасқан жері;
2) өзіне қатысты ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама ресімделген адам туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін – тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), туған күні, тіркелген жері және басқа да қажетті дербес деректер; заңды тұлғалар үшін – атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, орналасқан жері;
3) көлік құралы егер құқық бұзушылық көлікте, көлік құралы пайдаланыла отырып, жол шаруашылығында жасалса, туралы мәліметтер: маркасы, моделі, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі;
4) әкімшілік құқық бұзушылықтың күні, уақыты, орны, мәні, осы Кодекстің әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты көздейтін бабы;
5) осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген көрсеткіштер;
6) автоматты режимде жұмыс істейтін техникалық құралдың атауы, сериялық нөмірі, ал Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасына сәйкес өлшем құралдарына жатқызылған техникалық құралдар үшін метрологиялық салыстырып тексерудің нөмірі, күні және қолданылу мерзімі;
7) ескерту түріндегі әкімшілік жаза немесе айыппұл мөлшері;
8) айыппұлды ерікті немесе қысқартылған іс жүргізу тәртібімен төлеу мерзімі;
9) нұсқамаға шағымдану тәртібі мен мерзімі;
10) электрондық цифрлық қолтаңба.
2. Жазбаша нысанмен қатар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың электрондық нысаны пайдаланылуы мүмкін. 3. Белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік құқық бұзушылық анықталған немесе тіркелген күннен бастап он тәулік ішінде өзіне қатысты ресімделген адамға жіберіледі. Осы Кодекстің 31-бабына сәйкес автоматты режимде анықталған немесе тіркелген, электрондық нысанда жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша белгіленген үлгідегі түбіртегі бар ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімінде автоматты режимде қалыптастырылған жағдайда уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылуы мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-822-1/