Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

826-4-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім және оны жария ету

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағымды, наразылықты қарап, жоғары тұрған орган (лауазымды адам) мынадай шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) қаулыны, нұсқаманы өзгеріссіз, ал шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру туралы;
2) қаулыны өзгерту туралы;
3) қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі тоқтату туралы;
4) қаулының, нұсқаманың күшін жою және іс бойынша жаңа қаулы шығару туралы.
2. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша шешім ол қабылданғаннан кейін дереу жария етіледі және осы Кодекстің 822-бабына сәйкес жазбаша не электрондық құжат нысанында ресімделген шағым, наразылық бойынша қаулы түрінде шығарылады.
3. Іс бойынша қаулыға, нұсқамаға шағым, наразылық бойынша қаулы ол шығарылғаннан кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде өзіне қатысты іс бойынша қаулы шығарылған, нұсқама ресімделген тұлғаға немесе оның өкіліне, шағым берген жағдайда жәбірленушіге, сондай-ақ наразылық келтірген прокурорға табыс етіледі немесе жолданады.
4. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулыға, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаға шағым, наразылық бойынша жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) қаулысына қаулы табыс етілген немесе алынған күннен бастап он тәулік ішінде осы Кодекстің 44-1-тарауында көзделген тәртіппен сотқа шағым жасалуы, наразылық білдірілуі мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-826-4/