Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

826-5-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою

Об административных правонарушениях · № 235

Қаулының, нұсқаманың күшін жою және істі қысқарту туралы шешім осы Кодекстің 741 және 742-баптарында көзделген мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ қаулы шығаруға, нұсқама ресімдеуге негіз болған мән-жайлар дәлелденбеген кезде қабылданады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулының күшін жою немесе өзгерту не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың күшін жою осы Кодекстің 841, 842, 843, 844 және 845-баптарында көрсетілген негіздер бойынша да жүзеге асырылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-826-5/