Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

829-19-бап. Жекеше қаулы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Заңдылықты бұзу жағдайлары анықталған, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайлар белгіленген кезде сот жекеше қаулы шығарады және тиісті ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнінде шаралар қолдану туралы ұсыну енгізеді. Соттың жекеше қаулысына оны алған күннен бастап он тәулік ішінде шешімі шағым жасалуға, наразылық білдіруге жатпайтын жоғары тұрған сотқа шағым жасалуы мүмкін.
2. Ұйымдардың басшылары және басқа да лауазымды адамдар жекеше қаулыны алған күнінен бастап бір ай ішінде қарауға және қолданған шаралар туралы жекеше қаулы шығарған сотқа хабарлауға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-829-19/