Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
830-бап. Сот қаулысына шағым жасау, прокурордың апелляциялық өтінішхат келтіру құқығы
1.
Соттың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына осы Кодекстiң 744, 745, 746, 747, 748 және 753-баптарында аталған тұлғалар шағым жасауы, сондай-ақ прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша ол қайта қаралуы мүмкін.
2. Сот шығарған, сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 829-10-бабының төртінші бөлігінде көзделген тәртіппен жоғары тұрған сатыдағы сотқа шағым берілуі, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келтірілуі мүмкін.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-830/