Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

852-бап. Қайта қарау негіздері

Об административных правонарушениях · № 235

1. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдер, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулылар, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамалар және шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерi бойынша қаулылар жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қаралуы мүмкін. ҚР Конституциялық Сотының 28.04.2023 № 12 нормативтік қаулысымен 852-бабының бірінші бөлігі Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты берген түсіндірмеде Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 1 және 2-тармақтарына және 14-бабының 1-тармағына сәйкес келеді деп танылды: «іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешім уәкілетті органның лауазымды адамының конклюденттік әрекеттерді жүзеге асыруы: құқық бұзушылық және өндіріп алу туралы хабарлау, деректерді ақпараттық жүйелерге енгізу, қысқартылған іс жүргізу негіздері мен тәртібін түсіндіру, белгіленген үлгідегі түбіртекті беру (қажет болған жағдайда) арқылы ресімделеді. Мұндай әрекеттер жалпы тәртіппен әкімшілік жауаптылыққа тартуға негіз болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қорытынды акт шығаруға теңестіріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен және аспаптармен тіркелген жағдайда, шешім нұсқама нысанында да болуы мүмкін; 852-бабының бірінші бөлігінде қысқартылған іс жүргізу тәртібімен конклюденттік нысанда қабылданатын шешім туралы ескертпенің болмауы осы іс жүргізу тәртібімен жауаптылыққа тартылған адамды істі жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау құқығынан айырмайды.»
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, қаулыларды, нұсқамаларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау үшін мыналар:
1) құқық бұзушыға, жәбірленушіге белгілі болмаған және белгілі болуы мүмкін емес, іс үшін маңызды мән-жайлар;
2) соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленген, заңсыз не негізсіз қаулы шығаруға алып келген, куәнің көрінеу жалған айғақтары, сарапшының көрінеу жалған қорытындысы, көрінеу қате аударма, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың не ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың, құжаттардың не заттай дәлелдемелердің жалғандығы;
3) соттың заңды күшіне енген үкімімен анықталған, осы істі қарау кезінде жасалған, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушылардың, іске қатысатын басқа да тұлғалардың не олардың өкілдерінің қылмыстық әрекеттері немесе судъялардың, уәкілетті органдардың (лауазымды адамдардың) қылмыстық іс-әрекеттері;
4) осы қаулыны шығаруға негіз болған соттың шешімін, үкімін, ұйғарымын немесе қаулысын не өзге де мемлекеттік органның (лауазымды адамның) құқықтық актісінің күшін жою;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының осы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істе қолданылған заңды немесе өзге де нормативтік құқықтық актіні, оның жекелеген ережелерін Конституцияға сәйкес келмейді деп тануы негіздер болып саналады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-852/