Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

853-бап. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімдерді, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша қаулыларды, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамаларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері бойынша қаулыларды жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарайтын соттар, уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)

Об административных правонарушениях · № 235

Заңды күшіне енген, іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша осы шешімді шығарған сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) қайта қарайды. Сот органның (лауазымды адамның) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша шешімін, қаулысын, нұсқамасын қайта қараған және оларды өзгеріссіз қалдырған жағдайларда, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауды осы шешімді шығарған сот жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-853/