Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

860-бап. Соттың, уәкілетті органның (лауазымды адамның) істі қайта қарау туралы қаулысы

Об административных правонарушениях · № 235

1. Сот, орган (лауазымды адам) іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қарап, арызды қанағаттандырады және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күшін жояды не оларды қайта қараудан бас тартады.
2. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша күшін жою туралы және іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімді, қаулыны, нұсқаманы жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарау туралы арызды қанағаттандырудан бас тарту туралы соттардың, органдардың (лауазымды адамдардың) шешімдеріне белгіленген тәртіппен шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
3. Іс жүргізілуі қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жүзеге асырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша шешімнің, қаулының, нұсқаманың күші жойылған жағдайда, сот, орган (лауазымды адам) істі осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша қарайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-860/