Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

861-бап. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлғаның кiнәсiздiгiн тану арқылы ақтау

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) осы Кодекстiң 741-бабы бiрiншi бөлiгiнiң 1) – 7), 11) және 16) тармақшаларында көзделген негiздер бойынша, өзіне қатысты iстi тоқтату туралы қаулысы шығарылған тұлға кiнәсiз деп есептеледi және оның Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепiлдiк берiлген құқықтары мен бостандықтарына қандай да бір шектеулер қоюға болмайды.
2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкілеттік берілген судья, орган (лауазымды адам) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған тұлғаны кінәсіз деп тану және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген судьяның, органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерi салдарынан бұзылған жеке басының мүліктік емес және мүліктік құқықтарын қалпына келтіру бойынша заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-861/