Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
870-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутатына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутатын өз өкiлеттiктері мерзiмi iшiнде Қазақстан Республикасы
Құрылтайының келiсуiнсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан
Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, сондай-ақ депутатты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкiлеттiк берілген сотқа, органға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiгi туралы мәселенi шешер алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы
Құрылтайының шешімі "Қазақстан Республикасының
Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген мерзімдерде шығарылады.
4. Егер
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға келiсiм берсе, iс бойынша одан әрi iс жүргiзу осы бапта көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Кодексте белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
5. Егер
Қазақстан Республикасының Құрылтайы күштеп әкелуге келiсiм берсе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң бұл шарасын депутатқа қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгiленген тәртiппен шешiледi.
6. Егер
Қазақстан Республикасының Құрылтайы депутатты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолдануға әкеп соғатын әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға келiсiм бермеген жағдайда, іс бойынша iс жүргiзу осы негiзбен тоқтатылуға жатады.
7. Егер
Қазақстан Республикасының Құрылтайы күштеп әкелуге келiсiм бермесе, депутатқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудiң өзге де шаралары қолданылады.
8. Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутатына қатысты сот тәртiбiмен әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті қараудың заңдылығын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-870/