Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
871-бап. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне кандидатқа, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидатқа қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі
1. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы
Құрылтайының депутаттығына кандидаттарды олар тiркелген күннен бастап және сайлау қорытындылары жарияланғанға дейiн, сондай-ақ олар Президент,
Құрылтай депутаты ретінде тіркелгенге дейін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының келiсуінсiз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларын қолдануға болмайды.
2. Қазақстан Республикасының Президенттiгіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына кандидатты әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту туралы ұсынуды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында енгiзедi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры енгізген ұсынуға Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының уәжді шешімі ол түскен күннен бастап он тәулік ішінде шығарылады.
4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-871/