Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

872-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасына немесе судьясына қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзу шарттары мен тәртібі

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын өз өкiлеттiгі мерзiмi iшiнде тиісінше Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының келiсімінсіз күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалауға болмайды.
2. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалауға алып келетін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Президентіне ұсыну енгiзедi. Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясын сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалауға алып келетін әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға, күштеп әкелуге келiсiм алу үшiн Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасының Құрылтайына ұсыну енгiзедi. Ұсыну әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iсті сотқа жiберер алдында, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын немесе судьясын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген сотқа, органдарға (лауазымды адамға) мәжбүрлеп жеткiзу қажеттiлігi туралы мәселенi шешудің алдында енгiзiледi.
3. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Құрылтайының шешiмiн алғаннан кейiн iс бойынша одан әрi іс жүргiзу осы Кодекстiң 813-бабында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
4. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-872/