Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

889-1-бап. Цифрлық жүйені қолдана отырып, әкімшілік жазаны орындауды рақымшылық жасау актісіне байланысты тоқтату

Об административных правонарушениях · № 235

1. Әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулыны орындау тиісті әкімшілік құқық бұзушылықтарға қолданылатын рақымшылық жасау туралы актіде көзделген жағдайларда және тәртіппен тоқтатылуға тиіс.
2. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімі рақымшылық жасау актісінде айқындалған, цифрлық жүйедегі өлшемшарттар негізінде алгоритмдік шешім арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімімен қалыптастырылуы мүмкін.
3. Рақымшылық жасау туралы актінің қолданылу аясына жататын тұлғалардың тізілімінде қалыптастырылған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша рақымшылық жасау актісін қолдану туралы шешімді уәкілетті орган (лауазымды адам) цифрлық форматта қабылдайды және уәкілетті органның (лауазымды адамның) электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады. Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған тұлға әкімшілік жазаны орындаудың тоқтатылғаны туралы осы Кодекстің 743-бабында көзделген тәртіппен хабардар етіледі.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-889-1/