Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) немесе
ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы
нұсқаманы
ресімдеген орган:
1) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;
2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адам қайтыс болған немесе заңда белгiленген тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны,
ескерту немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы
нұсқаманы
орындаудың ескіру мерзімі өткен;
5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген жағдайларда қаулының, нұсқаманың орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-889/