Қолданыста
·
12.07.2026 редакциясы
94-бап. Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген өндірістік объектілерді еңбек жағдайларының жай-күйі бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі заңнама талаптарын бұзуы –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-94/