Об административных правонарушениях Қолданыста Кодекс ·№ 235 ·05.07.2014
12.07.2026 редакциясы
Қолданыста · 12.07.2026 редакциясы

95-бап. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу

Об административных правонарушениях · № 235

1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді қамтамасыз етпеу – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді. шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/koap/st-95/