Об установлении публичного сервитута на земельный участок товарищества с ограниченной ответственностью «METALL MINING»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута на земельный участок товарищества с ограниченной ответственностью «METALL MINING»
- Атауы (қаз.)
- «METALL MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жер учаскесіне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 139
- Қабылданған күні
- 01.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2026 I229877_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26FD00139A
- ЭКБ идентификаторы
- 229877
- Редакция идентификаторы
- I229877_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.09.2026 03:31
0 «METALL MINING» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің жер учаскесіне жария сервитут
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексiнiң 17 бабының 5-1) тармағын, 67, 69 баптарын, 71-1 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 10) тармақшасын басшылыққа ала отырып, «METALL MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2026 жылғы 21 тамыздағы № 185 санды Абай ауданының әкімдігіне жазған өтінішінің және қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған 2020 жылғы 5 ақпандағы № 535-EL, 20 наурыз 2026 жылы қайта рәсімделген лицензиясының негізінде, Абай ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «METALL MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Абай облысы, Абай ауданы, Архат ауылдық округіне қарасты аудандық жер қорындағы бос жерден жалпы көлемі 68,0 га жер учаскесіне қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған жұмыстарын жүргізу үшін 2028 жылдың 5 ақпанына дейін уақытша жария сервитут белгіленсін.
2. Барлау жұмыстары жер учаскесінің топырақ қабатын бұзумен байланысты жүргізілген жағдайда, «METALL MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның қолданысы тоқтатылғаннан кейін алты айдан кешіктірмей барлау жөніндегі операциялардың салдарын жоюды аяқтауға міндеттелсін.