Кіру
Құжат мәтініне өту

Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus) и признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Қаулы · № 213 · қабылданған 28.09.2023
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/monochamus-ekb-186642/on/2026-09-15/
Басып шығарылды 2026-09-15 · adilet.kz
Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus) и признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата Күшін жойған Қаулы ·№ 213 ·28.09.2023
03.11.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus) и признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата

Күшін жойған Қаулы ·№ 213 · 15.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об отмене карантинного режима на территории Восточно-Казахстанской области в объемах зараженных площадей разновидностями черного усача (Monochamus) и признании утратившими силу некоторых постановлений Восточно-Казахстанского областного акимата
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
213
Қабылданған күні
28.09.2023
Көрсетілген редакция
03.11.2023 186642_682537.kaz
Соңғы өзгеріс
03.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G23V000213A
ЭКБ идентификаторы
186642
Редакция идентификаторы
186642_682537
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 16:36

0 Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы

Қазақстан Республикасының «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1-бабы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2023 жылғы 18 тамыздағы № 03/461 ұсынымы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде келесі жер учаскесінде карантин режимінің күші жойылсын:

Катонқарағай ауданы, Белқарағай ауылдық округі, «Қаражай» шаруа қожалығы, зақымданған алаң – 5,0 гектар.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

3. «Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

7 Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2023 жылғы «28» қыркүйектегі
№ 213 қаулысына
қосымша
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 109401 болып тіркелген) қаулысы;

2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 197 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 144120 болып тіркелген) қаулысы;

3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 10 тамыздағы № 275 «Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 145584 болып тіркелген) қаулысы;

4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 227 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында қара сүгенің әр түрлігімен (Monochamus) зақымданған алқаптар көлемінде карантин режимінің күшін жою және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 378 «Шығыс Қазақстан облысы аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 172227 болып тіркелген) қаулысы.

Қолданыстағы