Об утверждении статистического отчета формы N 1-ОГ "О рассмотрении обращений граждан" и Инструкции по его составлению Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.05.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есеп және оның құрылуы бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілерінің азаматтардың жүгінулерін қарастырудағы статистикалық есептіліктің қамтамасыз етілуі мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 4-1) бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Бекітілсін:
Тармақша 1
1) 1 қосымшаға сәйкес, "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есеп;
Тармақша 2
2) 2 қосымшаға сәйкес, "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есептің құрылуы бойынша Нұсқаулық.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шара қолдансын.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық барлық қатысты мемлекеттік органдарға, Әскери бас прокурорға, Астана, Алматы қалаларының прокурорларына, облыс және оларға теңестірілген прокурорларға, Комитеттің жергілікті орган бастықтарына жолдансын.
Тармақ 4
4. Бұйрықтың орындалуындағы бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет Төрағасына (Г.В. Ким) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 1. 1-бет
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 18 бұйрығына N 1 қосымша 1-бет Кіммен ұсынылады________________________ ________________________ МЕМЛЕКЕТТІК СТАТИСТИКАЛЫҚ ЕСЕПТІЛІК 1-ОГ нысанды есеп                                                      жартыжылдық Қайда ұсынылады ______________________________________________ N1-ОГ нысанды есеп                      Ұсынылады "Азаматтардың жүгінулерін   аудандық маңызы бар қалалық, қарастыру туралы" поселкелік, ауылдық, ауылдық округ ______________ж. әкімдіктерімен аудандық әкімдіктерге                             есептік кезеңнен кейінгі айдың 8 күніне;                             аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), Басшы __________________    республикалық маңызы бар қаладағы          аты-жөні           аудандық әкімдіктермен Комитеттің ________________________    аумақтық органдарына есептік кезеңнен     аты-жөні, қолы          Астана, Алматы қалалары бойынша және                             облыстар әкімдерінің аппараттарымен "____"____________ ж.       және әкімдіктердің департаменттерімен                             (басқарма, бөлім) Комитеттің аумақтық                             органдарына есептік кезеңнен кейінгі                             айдың 10 күніне; Орындаушы ________________  Астана, Алматы қалалары, облыстар және       аты-жөні, тел., қолы  оларға теңестірілген субъектілерінің                             аумақтық органдарымен Астана, Алматы "____"____________ ж.       қалалары мен облыстар бойынша                             субъектілеріне есептік кезеңнен кейінгі                             айдың 8 күніне;                             Астана, Алматы қалалары, облыстар                             бойынша субъектілермен және соларға                             теңестірілгендермен Комитеттің аумақтық                             органдарына есептік кезеңнен кейінгі                             айдың 10 күніне;                             өздерінің аумақтық органдары                             қызметтерінің нәтижелерін есепке алусыз                             субъектілердің орталық аппараттарымен,                             Комитеттің аумақтық органдарымен                             Комитетке есептік кезеңнен кейінгі                             айдың 14 күніне;                             Комитет республика бойынша жинақталған                             статистикалық есепті Қазақстан                             Республикасы Бас прокуратурасының                             Мемлекеттік органдардың қызметіндегі                             заңдылықты қадағалау жөніндегі                             департаментіне есептік кезеңнен кейінгі                             айдың 18 күніне тапсырады. 2-бет "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N 1-ОГ нысан Мә­се­ле­лер бой­ын­ша аза­мат­тар­дың жү­гі­ну­ле­рі: код жол­да­ры есеп­тік ке­зең­де өн­ді­рі­сте болған жү­гі­ну­лер есеп­тік ке­зең­де ке­ліп түс­кен, со­ның ішін­де ауыз­ша жү­гі­ну­лер А Б 1 2 бар­лы­ғы 1 мем­ле­кет мем­ле­кет­тік бас­қар­ма­лар, қыз­мет­тер 2 қо­ғам­дық және ді­ни бір­ле­стіктер 3 по­ли­ти­ка­лық пар­ти­я­лар 4 кор­руп­ция 5 же­ке мен­шік­тер мем­ле­кет­тік мү­лік 6 тұр­ғын үй­лер 7 жер, жер­ді қол­да­ну­шы­лар 8 бас­қа­ла­ры 9 ең­бек және ха­лық­ты қор­ғау 10 неке және от­ба­сы 11 әле­умет­тік және зей­нет­кер­лік қам­та­ма­сыз ету 12 қар­жы­лық қыз­мет бюд­жет­ке са­лық тө­леу және бас­қа да тө­лем­дер 13 бан­кі­лік қыз­мет 14 сақ­тан­ды­ру қыз­ме­ті 15 ке­ден­дік қыз­мет 16 бас­қа­ла­ры 17 ша­ру­а­шы­лық қыз­мет­тің мем­ле­кет­тік рет­те­луі қыз­мет тү­ріне құқық және рұқ­сат 18 кө­лік 19 бай­ла­ныс, ком­му­ни­ка­ция 20 са­уда және кө­мек 21 сырт­қы экон. қыз­мет 22 ауы­л­ша­ру­а­шы­лық 23 ста­ти­сти­ка 24 қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау 25 бі­лім және ғы­лым 26 мә­де­ни­ет 27 ден­са­улық сақ­тау 28 жап­пай ақ­па­рат­тан­ды­ру 29 әле­умет­тік-мә­де­ни­ет­ті қа­ты­нас спорт 30 ту­ризм 31 әс­ке­ри қыз­мет 32 қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету 33 қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету тер­геу және анық­тау 34 ЖІҚ 35 бас­қа­ла­ры 36 ха­лы­қа­ра­лық қа­ты­нас 37 тұр­ғын үй, ком­мун.ша­ру­а­шы­лық 38 тө­тен­ше жағ­дай­лар 39 бас­қа­ла­ры 40 сай­лау ту­ра­лы 41 мү­лік­ті заң­да­сты­ру жө­нін­де 42 кестенің жалғасы о.і. (о.і. 2-ба­ған­нан): бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дан, со­ның ішін­де жо­ға­ры тұр­ған ор­ган­нан ке­ліп түс­кен ре­зи­дент еме­стер ұжым­дық элек­трон­дық түр­де ұсы­ны­стар өті­ніш­тер ша­ғым­дар пі­кір­лер анық­та­ма­ға бер сұ­рау 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кестенің жалғасы ба­ғы­ны­шты ор­ган­дар­ға ше­ші­лу үшін бе­ріл­ді (2-ба­ған­нан) қа­рас­ты­рыл­ды (1, 2 ба­ған­нан) с.қ. бас­қа ор­ган­ға, (ве­дом­ство­ға) аумақ бой­ын­ша неме­се тер­ге­уде бо­лу бой­ын­ша жол­дан­ды ше­шіл­ді мер­зім­нің ұзар­ты­луы­мен мер­зі­мі­нің асы­ры­луы­мен 12 13 14 15 16 17 кестенің жалғасы о.і. қай­та ше­шіл­ді (түп­нұс­қа­сыз 17 ба­ған­нан) о.і. қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды бас тар­тыл­ды тү­сін­ді­ріл­ді қа­на­ғат­тан­ды­рыл­ды тү­сін­ді­ріл­ді 18 19 20 21 22 23 24 кестенің жалғасы есеп­тік ке­зең­нің ая­ғы­на қал­ға­ны (2 ба­ған­нан) жү­гі­ну­лер­ді нем­құ­рай­лы қа­ра­ған­дық­қа бай­ла­ны­сты жа­у­ап­ты­лық­қа тар­ты­лу о.і. әкім­ші­лік­тік жа­у­ап­ты­лық­қа тәр­тіп­тік жа­за­ға 25 26 27 28 Басшы ______________________________ (аты-жөні, қолы, күні)
Басқа 2. "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есептің құрылуы бойынша Нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2005 жылғы 19 мамырдағы N 18 бұйрығына N 2 Қосымша "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есептің құрылуы бойынша Нұсқаулық
Тарау 1. 1 тарау. Жалпы ережелер
1 тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Нұсқаулық мемлекеттік органдарға қатысты Қазақстан Республикасы Жарлығының статистикалық және ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында енгізілген мемлекеттік орган қызметіне қатысты " Азаматтардың жүгінулерін қарастыру тәртібі туралы " және Қазақстан Республикасы Президентінің "Коррупциямен күресті күшейту, мемлекеттік орган және лауазымды тұлғалар бойынша тәртіптің күшейтілуі туралы" 2005 жылғы 14 сәуірдегі N 1550 Заң күші бар Жарлығымен (бұдан әрі - Жарлық) азаматтардың өтініштерін қарайтын басқа тәртіпті реттеуші заң актілері қамтамасыз етіледі. Есеп Жарлықпен реттелетін аталған органның азаматтар жүгінулерін азаматтық-құқықтық салада қарастыратын қызметтерін бейнелейді.
Тармақ 2
2. Осы есепке қарасты азаматтардың жүгінулеріне осы есеп түрінің субъектілеріне жататын қылмыстық-құқықтық, қылмыстық-атқарушылық, әкімшіліктік құқықтық, азаматтық сот өндіріс және азаматтық-құқықтық саладағы орындаушы субъектілерінен басқа барлық жүгінулер жатады.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес, құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары арқылы "Азаматтардың жүгінулерін қарастыру туралы" N1-ОГ нысанды статистикалық есеп құрылады және қалыптасады.
Тарау 2. 2 тарау. Есепті дайындау
2 тарау. Есепті дайындау
Тармақ 4
4. Есеп азаматтардың жүгінулерін есепке алу Журналының немесе анықталған ереже бойынша азаматтардың жүгінулері тіркелген ақпараттық есеп құжаттарының (кәртішкелерінің) негізінде қалыптасады. Есеп жартыжыл және жыл бойында өсуіне қатысты қалыптасады. Азаматтардың жүгінулерін есепке алу электрондық түрде қалыптасады.
Тармақ 5
5. Есепте келіп түскен жүгінулер саны және оларды қарастыру нәтижелері бейнеленеді. Субъект басшысы арқылы қол қойылған есеп, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне (бұдан әрі - Комитет) немесе оның аумақтық органдарына (бұдан әрі - органдар) жолданады.
Тармақ 6
6. Субъектінің ұсынған есептері негізінде, аумақтық органдар мемлекеттік органдар бойынша сұрыпталған N1-ОГ нысаны бойынша жинақталған есеп құрайды.
Тармақ 7
7. Жергілікті органдар субъектілердің ұсынған есептері негізінде жинақталған есеп құрайды.
Тармақ 8
8. Аймақ бойынша жинақталған есепке есептік мәліметтердің нақтылығы мен толықтығын бақылайтын және есепшіліктегі бұрмалануды жою үшін қажетті шаралар қабылдайтын аумақтық органның басшысы қол қояды.
Тармақ 9
9. Аймақ бойынша есептер модемдік байланыс арқылы басшының тексеруі мен қол қоюынан кейін аймақтарға жолданады. Аумақтық басқарма бастығының қолы қойылған есеп түпнұсқасы қызмет арқылы Комитетке жолданады. Модемдік байланыс және пошта арқылы келіп түскен есептегі көрсеткіштердің сәйкессіздігі айқындалса, модемдік байланыс арқылы келіп түскен есеп көрсеткіштері негіз алады.
Тармақ 10
10. Республика бойынша жинақталған есеп Бас Прокурордың Орынбасары - комитет Төрағасы арқылы қол қойылады.
Тарау 3. 3 тарау. Есептің құрылуы және оның құрылымы
3 тарау. Есептің құрылуы және оның құрылымы
Тармақ 11
11. Есепте, төмендегілерді қоспағанда, өтініштердің түрлері бойынша топтастырылған азаматтардың мемлекеттік органдарға келіп түскен өтініштерінің саны туралы мәліметтер бейнеленеді:
Тармақша 1
1) жасырын түрдегі өтініштер;
Тармақша 2
2) егер бұл субъектілердің немесе лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдеріне жасалған шағымдармен байланысты болмаса, жұмысқа қабылдау жөніндегі өтініштер;
Тармақша 3
3) өздері қызмет атқаратын мемлекеттік органдарға қызметкерлердің берген өтініштері. Есепте қарастырылған субъект бойынша келіп түскен жүгінулерге қабылданған мәліметтері бейнеленеді. Азаматтар жүгінулерін қарастыру нәтижесі іс жүзінде орындалғаннан кейін және тиісті құжатты рәсімделгеннен кейін есепке қосылады. Қаралған жүгінулер кейбір қанағаттандырылған, алынған, құзыреті бойынша басқа да органдарға жолданған, сондай-ақ мемлекеттік орган арқылы түсінік берілген жүгінулер болып саналады.
Тармақ 12
12. Шешілу мерзімі ұзартылған жүгінулер, мерзімінің ұзартылуымен шешілген деп танылуы қажет.
Тармақ 13
13. Есепте екінші нұсқасынан бөлек қайта шешілген жүгінулер саны бейнеленеді. Қайталанған жүгінулер деп, аталған субъектіге арызбен түскен жүгінулер түсіндіріледі:
Тармақша 1
1) осы субъектімен шешілетін алдында берілген жүгінулерді қанағаттандырудан бас тарту;
Тармақша 2
2) алдында берілген жүгінулердің ұзақ мерзімде шешілуі.
Тармақ 14
14. Есепте бейнеленеді: 1-бағанда - есептік кезеңде өндірістегі, сонымен қатар өткен кезеңде қарастырылмаған және қарастырылуға есептік кезеңде келіп түскен азаматтардың жүгінулері; 2-бағанда - есептік кезеңде субъектінің қарастырылуына келіп түскен азаматтардың жүгінулері, жүгінулер санының тіркелуісіз өткен есептік кезеңнен қарастырылу үшін келген азаматтардың жүгінулері (1-баған); 2-бағанның көрсеткіштері 6, 7, 8, 9, 10 бағандар сомасына сәйкес келеді; 3-бағанда - басқа мемлекеттік органдардан келіп түскен азаматтардың жүгінулері; 4-бағанда - Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылатын азаматтар жүгінулерінің саны; 5-бағанда - азаматтардың ұжымдық жүгінулерінің саны; 6-бағанда - электрондық қолдары қойылған электрондық түрде алынған азаматтар жүгінулерінің саны; 7, 8, 9, 10, 11 бағандарда - Жарлықпен анықталған ұсыным, өтініш, арыз, сұраным, үндеу түріндегі азаматтардың жүгінулерінің саны, сонымен бірге, сұранымға анықтама беру шешімнің нәтижесі болып табылатын жүгінулер қатысуы тиіс; 12-бағанда - шешім қолдану үшін бағынышты органдарға жолданған азаматтар жүгінулерінің саны; 13-бағанда - азаматтардың қарастырылған жүгінулерінің саны, сондай-ақ қарастырылған жүгінулерге қолданылған шешімдер және аумақтық ведомстволар, басқа да мемлекеттік органдарға жолданған немесе айыпкерлілік және 16, 17 бағандар көрсеткіштерінің сомасына сәйкес келетін жүгінулер қатысады; 14-бағанда - мерзімінің ұзартылуымен қарастырылған азаматтар жүгінулерінің саны; 15-бағанда - Жарлықпен анықталған мерзімнің бұзылуымен қарастырылған азаматтар жүгінулерінің саны; 16-бағанда - аумақ немесе айыпкерлілік бойынша басқа мемлекеттік органдарға (ведомство) қарастырылуға жолданған азаматтар жүгінулерінің саны; 17-бағанда - 18, 19, 20 бағандар көрсеткіштері сомасына сәйкес келетін шешім қолданылған азаматтар жүгінулерінің саны; 18-бағанда - шешім нәтижесінде қанағаттандырылған азаматтар жүгінулерінің саны; 19-бағанда - қарастырылудан бас тартылған, сондай-ақ Жарлықтың 7 бабына сәйкес өндіріс тоқтатылған азаматтар жүгінулерінің саны; 20-бағанда - түсінік берілген, соның ішінде бір жүгіну болып ескерілетін қауымдық жүгінулер саны; 21-бағанда - екінші нұсқасыз қайта шешілген азаматтар жүгінулерінің саны; 22-бағанда - шешілу нәтижесінде қанағаттандырылған, сондай-ақ алдыңғы уақытта субъектілер арқылы бас тартылған жүгінулер бойынша қанағаттандырылған жүгінулердің саны; 23-бағанда - қарастырылудан бас тартылған, сондай-ақ өндірістің тоқтатылуы туралы шешім қабылданған азаматтардың қайталанған жүгінулерінің саны; 24-бағанда - азаматтардың түсінік берілген қайталанған жүгінулерінің саны; 25-бағанда - азаматтардың есептік кезеңде қарастырылмаған және қарастырылуға келесі есептік кезеңде келіп түскен жүгінулерінің саны; 26-баған - азаматтардың жүгінулерін немқұрай қарастырған тұлғаларды (субъект қызметкерді) әкімшіліктік немесе тәртіптік жауаптылыққа тарту фактілерінің саны; 27-баған - азаматтардың жүгінулерін қарастыру тәртібін бұзғандық үшін әкімшіліктік жауаптылыққа тартылған фактілердің саны; 28-баған - азаматтардың жүгінулерін қарастыру тәртібін бұзғандық үшін тәртіптік жауаптылыққа тартылған фактілердің саны.
Тарау 4. 4 тарау. Есепті ұсыну мерзімдері
4 тарау. Есепті ұсыну мерзімдері
Тармақ 15
15. Есеп жартыжылдық және бір жылдық қорытындылар бойынша ұсынылады:
Тармақша 1
1) аудандық маңызы бар қалалық, поселкелік, ауылдық, ауылдық округ әкімдіктерімен аудандық әкімдіктерге есептік кезеңнен кейінгі айдың 8 күніне;
Тармақша 2
2) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық), республикалық маңызы бар қаладағы аудандық әкімдіктермен Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне;
Тармақша 3
3) Астана, Алматы қалалары бойынша және облыстар әкімдерінің аппараттарымен және әкімдіктердің депаратаменттерімен (басқарма, бөлім) Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне;
Тармақша 4
4) Астана, Алматы қалалары, облыстар және оларға теңестірілген субъектілерінің аумақтық органдарымен Астана, Алматы қалалары мен облыстар бойынша субъектілеріне есептік кезеңнен кейінгі айдың 8 күніне;
Тармақша 5
5) Астана, Алматы қалалары, облыстар бойынша субъектілермен және соларға теңестірілгендермен Комитеттің аумақтық органдарына есептік кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне;
Тармақша 6
6) өздерінің аумақтық органдары қызметтерінің нәтижелерін есепке алусыз субъектілердің орталық аппараттарымен, Комитеттің аумақтық органдарымен Комитетке есептік кезеңнен кейінгі айдың 14 күніне;
Тармақша 7
7) Комитет республика бойынша жинақталған статистикалық есепті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Мемлекеттік органдардың қызметіндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі департаментіне есептік кезеңнен кейінгі айдың 18 күніне тапсырады.