О внесении изменений и дополнений в приказ ТК РК N 114-П от 28.05.96 г.
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ ТК РК N 114-П от 28.05.96 г.
- Атауы (қаз.)
- ҚР КК-нiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-п
- Қабылданған күні
- 10.01.1997
- Көрсетілген редакция
- 15.02.2001 AI3571_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.02.2001
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V970000035_
- ЭКБ идентификаторы
- 3571
- Редакция идентификаторы
- AI3571_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 02:13
0 ҚР КК-нiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығына өзгерiстер мен қосымшалар енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитеті төрағасының 2001 жылғы 15 ақпандағы N 51 бұйрығымен.
Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кедендiк бақылаудың тәртiбiн жетiлдiру мақсатында бұйырамын:
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң 1996 жылғы 28 мамырдағы N 114-П Бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы құбырмен жүргiзiлетiн транспортпен және электр берiлiсi желiлерiмен өткiзiлетiн тауарларды кедендiк ресiмдеу туралы" Нұсқауға өзгерiстер мен қосымшалар енгiзiлсiн:
1. 1.5-тармағы төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды кедендiк ресiмдеу бұл үшiн анықталған жерлерде кеден органының қызметi аймағында жүргiзiледi. Өнiм қоюға шет ел тұлғасымен (бұдан әрi тиiсiнше экспортшы немесе импортшы) шарт жасасқан ұйым тауарларды кедендiк ресiмдеудi тауардың орналасқан жерi бойынша аймақта жүргiзедi".
2. 1.6-тармағының екiншi және үшiншi абзацтары бiрiктiрiлсiн және төмендегiдей редакцияда баяндалсын: "Тауарларды өткiзу транспорттың бiр түрiнен көбiн (құбырмен жүргiзетiн темiр жол транспорты, құбырмен жүргiзетiн автомобиль транспортын ж.т.б.) пайдаланатын жағдайда кедендiк ресiмдеу қызметi аймағында соңғы түрiне қайта тиеу жүзеге асырылатын кеден органында жүргiзiледi".