Об утверждении дополнений в приказ ТК РК N 118-П от 03.06.96г. ~V960181 "Об утверждении положений по переработке товаров"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении дополнений в приказ ТК РК N 118-П от 03.06.96г. ~V960181 "Об утверждении положений по переработке товаров"
- Атауы (қаз.)
- "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-Б бұйрығына толықтыруларды бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 83_П
- Қабылданған күні
- 15.06.1998
- Көрсетілген редакция
- 18.03.2000 AI1096_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.03.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V980000540_
- ЭКБ идентификаторы
- 1096
- Редакция идентификаторы
- AI1096_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 01:41
0 "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-Б бұйрығына толықтыруларды бекіту туралы
Бағалы металдар рыногын ырықтандыру, Қазақстан Республикасында олардың өндірісін арттыру мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар 1995 жылғы 20 шілдедегі N 2368 Жарлығының бабына сәйкес бұйырамын:
1. "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кеден комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-б бұйрығына толықтыруларды бекіту туралы бұйрығына "Қазақстан Тауарларын ұқсату үшін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетуге кедендік бақылау тәртібі" деген 2 қосымша мынадай мазмұндағы "Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың ерекшеліктері туралы" деген 6 баппен толықтырылсын:
6.1. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамында бағалы металдар бар шикізат тазартылған бағалы алумен одан әрі тазарту үшін оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына кіргізбей Қазақстан Республикасының уәкілді банкінде металл шоттарда міндетті тіркеуден өткізсін және кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кеден режимін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экономикалық саясат шараларын қолданып тауарлар - экспортының режиміне өзгертіп шығарыла алады.
6.2. Кеден аумағынан тысқары тауарларды ұқсатудың кедендік режим тауарлар экспортының режиміне өзгерген кезде кедендік ресімдеуді ұқсату үшін берілетін рұқсатқа сәйкес кеден органдары жүзеге асырады.
Режимді өзгерту үшін мыналар негіз болып табылады:
- бастапқы саудалаудан өтуі туралы куәлік мына қосымшалармен;
- Қазақстан Республикасы уәкілді банктері есеп-шоттарынан үзінділер;
- Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес экономикалық саясат шараларын қолдану.
6.3. Тауарлардың кедендік ресімделуі "Тауарларды ұқсату жөніндегі ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының мемлекеттік кеден
комитетінің 1996 жылғы 3 маусымдағы N 118-б бұйрығына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да нормативтік актілерге сәйкес жүзеге асырылады деп белгіленсін.