Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение акима области N 131 от 18 июня 1999 года "О создании областного координационного Совета по борьбе с коррупцией при акиме области"

Өзге акт · № 93 · қабылданған 04.05.2000
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-131-18-1999/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений в решение акима области N 131 от 18 июня 1999 года "О создании областного координационного Совета по борьбе с коррупцией при акиме области" Күшін жойған 04.05.2000 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в решение акима области N 131 от 18 июня 1999 года "О создании областного координационного Совета по борьбе с коррупцией при акиме области"

Күшін жойған Өзге акт № 93 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение акима области N 131 от 18 июня 1999 года "О создании областного координационного Совета по борьбе с коррупцией при акиме области"
Атауы (қаз.)
Облыс әкімінің "Облыс әкімі жанында сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құру туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
93
Қабылданған күні
04.05.2000
Көрсетілген редакция
04.05.2000 6075_255736.kaz
Соңғы өзгеріс
04.05.2000
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V00Z0000309
ЭКБ идентификаторы
6075
Редакция идентификаторы
6075_255736
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыс әкімінің "Облыс әкімі жанында сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі облыстық үйлестіру кеңесін құру туралы" 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды -
Батыс Қазақстан облысы әкімінің 17.08.2004
№ 33 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын, сыбайлас жемқорлықпен күрестiң мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiнде мемлекеттiк органдарда жүргiзiлетiн тексерулердiң сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi облыстық үйлестiру кеңесiнiң қарауына тиiстi материалдарды әзiрлеу мақсатында сондай-ақ кадрлар өзгерiсiне- байланысты ШЕШIМ ЕТЕМIН:

1. Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң құрамына Үйлестiру кеңесi төрағасының орынбасары ретiнде

Бұлытбай Мамтыұлы Мамытов облыс прокуроры енгiзiлсiн.
Облыс әкiмi жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күресу жөнiндегi Үйлестiру кеңесiнiң құрамынан М.А. Пақырдiнов шығарылсын.

2. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiмiнiң N 2 тармағы төмендегiдей редакцияда мазмұндалсын. "Облыстық үйлестiру кеңесi тоқсан сайын басқарма, комитеттер, департаменттер, атқарушы және құқық қорғау органдары басшыларының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы туралы есебiн кестеге сәйкес тыңдап отырсын" (жалғанды).

3. "Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң сыбайлас жемқорлықпен күресу мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау кестесi" бекiтiлсiн (жалғанды).

4. Облыс әкiмiнiң 1999 жылғы 18 маусымдағы N 131 шешiмiнiң 2-тармағының және N 2 және N 3 қосымшаларының күшi жойылды деп танылсын.

5 Облыстық үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiнде аудан әкiмдерiнiң және облыстық басқармалардың, департаменттер мен комитеттер бастықтарының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы жөнiндегi есебiн тоқсан сайын тыңдаудың КЕСТЕСI

Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 93 шешiмiне
қосымша
Облыстық үйлестiру кеңесiнiң мәжiлiсiнде аудан әкiмдерiнiң және облыстық басқармалардың, департаменттер мен комитеттер бастықтарының Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Заңын орындауы жөнiндегi есебiн тоқсан сайын тыңдаудың
КЕСТЕСI
N/N
Атаулары
Орындалу мерзiмi
Баяндамашы
Облыс әкiмi аппаратынан жауапты
1.
Казталовка ауданы әкімінің есебі
II тоқсан 2000 ж.
М. Иманғалиұлы
Б. С. Садықов
2.
Қаратөбе ауданы әкімінің есебі
II тоқсан 2000 ж.
С. К. Сүлеймен
Ө. Б. Жүсібәлиев
3.
ІІБ бастығының есебі
II тоқсан 2000 ж.
Т. Ш. Рақымжанов
Т. А. Даньшина
4.
Орда ауданы әкімінің есебі
IIІ тоқсан 2000 ж.
Л. Р. Хайретдинов
М. С. Нұртазин
5.
Облыстық салық комитеті төрағасының есебі
IIІ тоқсан 2000 ж.
М. М. Әбдірахманов
Н. Н. Годунова
6.
Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бастығының есебі
IIІ тоқсан 2000 ж.
Р. Х. Сүйербаев
Ғ. З. Қуанышев
7.
Тасқала ауданы әкімінің есебі
IҮ тоқсан 2000 ж.
Р. Ө. Қарин
Б. С. Садықов
8.
Облыстық қаржы басқармасы бастығының есебі
IҮ тоқсан 2000 ж.
А. Ш. Хамитов
Н. Н. Годунова
9.
Салық полициясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасы бастығының есебі
IҮ тоқсан 2000 ж.
М. А. Танкеев
Т. А. Даньшина

6 Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң аудандарға шығып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау КЕСТЕСI

Облыс әкiмiнiң
2000 жылғы 5 мамырдағы
N 93 шешiмiне
қосымша
Облыс әкiмi жанындағы үйлестiру кеңесi мүшелерiнiң аудандарға шығып, сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесi жөнiнде азаматтарды қабылдау
КЕСТЕСI
N/N
Қабылдау жүргізеді
Аудандар
Қабылдау мерзімі
1.
Қ. Қ. Жақыпов – облыс әкімі
Бөрлі ауданы
маусым 2000ж.
2.
М. И. Құлшар – облыс әкімінің орынбасары
Қаратөбе ауданы
сәуір 2000ж.
3.
Б. М. Мамытов – облыс прокуроры
Тасқала ауданы
тамыз 2000ж.
4.
Т. Ш. Рақымжанов – облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Зеленов ауданы
мамыр 2000ж.
5.
Ш. Ш. Отарбаев – Ұлттық қауіпсіздің комитеті облыстық департаментінің бастығы
Теректі ауданы
қыркүйек 2000ж.
6.
М. Т. Әміралиев – облыстық әділет басқармасының бастығы
Шыңғырлау ауданы
шілде 2000ж.
7.
М. А. Танкеев – салық полициясы комитетінің облыстық басқармасының бастығы
Жәнібек ауданы
қыркүйек 2000ж.
8.
Ш. А. Байбатыров – облыстық кеден басқармасының бастығы
Бөкей Ордасы ауданы
тамыз 2000ж.
9.
Қ. Х. Ғайсин – облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Сырым ауданы
қазан 2000ж.
10.
Қ. Ш. Қарағойшин – облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы
Жаңақала ауданы
қараша 2000ж.
11.
Д. Сағатов – облыстық мәслихатының тексеру комиссиясының төрағасы
Казталовка ауданы
желтоқсан 2000ж.