О внесении изменения и дополнений N 2 в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 15 июня 1999 года N 292
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения и дополнений N 2 в приказ Министерства финансов Республики Казахстан от 15 июня 1999 года N 292
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 2 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 406
- Қабылданған күні
- 04.08.1999
- Көрсетілген редакция
- 11.11.2000 AI3968_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.11.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V990000883_
- ЭКБ идентификаторы
- 3968
- Редакция идентификаторы
- AI3968_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:59
0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына N 2 өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы N 406-1 Қазақстан Республикасының Заңына, "Көп балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 4 желтоқсандағы N 1002 Жарлығына, "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы N 1334 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 маусымдағы N 1064 қаулысына сәйкес бұйырамын:
1. "Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 292 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен мемлекеттік тапсырысты қаржыландырудың ережесінде (бұдан әрі - Ереже):
1) Ережеге N 1-қосымшада:
мына жолдың атауы өзгертілсін:
"4.6.206.9.31 Мемлекеттік білім беру тапсырыстары (грант) бойынша ел ішіндегі жоғары оқу орындарында кадрлар даярлау (2-топ)";
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"1.5.606.31.31 Мәліметтердің ақпараттық-статистикалық базасын құру, 1-топ";
"12.1.215.36.31 Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыләскер-Киров автомобиль жолын салу, 1-топ";
2) Ережеге N 2-қосымшада:
мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"6.2.258.46.23 Көп балалы аналар".