Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР N 2 от 24 марта 1975 года "О судебной практике по делам об освобождении имущества от ареста" (с изменениями, внесенными постановлениями Пленума N 18 от 21 сентября 1978 года, N 11 от 2 октября 1987 года, N 7 от 23 сентября 1988 года и N 5 от 15 мая 1998 года)

Қаулы · № 13 · қабылданған 17.06.2004
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-2-24-1975-n-18-21-1978-n-11-2-1987-n-7-23-1988-n-5-15-1998/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР N 2 от 24 марта 1975 года "О судебной практике по делам об освобождении имущества от ареста" (с изменениями, внесенными постановлениями Пленума N 18 от 21 сентября 1978 года, N 11 от 2 октября 1987 года, N 7 от 23 сентября 1988 года и N 5 от 15 мая 1998 года) Күшін жойған Қаулы ·№ 13 ·17.06.2004
25.11.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР N 2 от 24 марта 1975 года "О судебной практике по делам об освобождении имущества от ареста" (с изменениями, внесенными постановлениями Пленума N 18 от 21 сентября 1978 года, N 11 от 2 октября 1987 года, N 7 от 23 сентября 1988 года и N 5 от 15 мая 1998 года)

Күшін жойған Қаулы ·№ 13 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление Пленума Верховного Суда Казахской ССР N 2 от 24 марта 1975 года "О судебной практике по делам об освобождении имущества от ареста" (с изменениями, внесенными постановлениями Пленума N 18 от 21 сентября 1978 года, N 11 от 2 октября 1987 года, N 7 от 23 сентября 1988 года и N 5 от 15 мая 1998 года)
Атауы (қаз.)
Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлікті тиым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" N 2 қаулысына (Пленумның 1978 жылғы 21 қыркүйектегі N 18, 1987 жылғы 2 қазандағы N 11, 1988 жылғы 23 қыркүйектегі N 7 және 1998 жылғы 15 мамырдағы N 5 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
13
Қабылданған күні
17.06.2004
Көрсетілген редакция
25.11.2016 AI20595_2.kaz
Соңғы өзгеріс
25.11.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P04000013S_
ЭКБ идентификаторы
20595
Редакция идентификаторы
AI20595_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:59

0

Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлікті тиым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" N 2 қаулысына (Пленумның 1978 жылғы 21 қыркүйектегі N 18, 1987 жылғы 2 қазандағы N 11, 1988 жылғы 23 қыркүйектегі N 7 және 1998 жылғы 15 мамырдағы N 5 қаулыларымен өзгерістер енгізілген) өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгеруіне байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:

1 1. Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының 1975 жылғы 24 наурыздағы "Мүлікті тиым салудан босату туралы істер жөніндегі сот практикасы туралы" N 2 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) қаулының атауындағы "Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумының қаулысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

2 2) кіріспеде:

бірінші және жетінші абзацтағы "Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші абзацтағы "АІЖК-нің 429-бабының бұзылуында" деген сөздер алынып тасталсын;
үшінші абзацтағы бірінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
"Мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден шығару) жөніндегі істерді қарау кезінде соттар тиісінше куәландырылған мүлікті тізімдеу актілерінің көшірмелерін, ал тиісті жағдайларда - үкімдердің көшірмелерін, үкімдердің үзінділерін және қылмыстық істердің талап қоюға қатысы бар басқа да материалдарын әрқашан тіркеп отырмайды.";
бесінші абзацтағы "Мүлікті тәркілеуді қолдану бойынша сот тәжірибесі туралы" 1953 жылғы 29 қыркүйектегі КСРО Жоғарғы Соты Пленумының қаулысында берілген нұсқауларды (келесі өзгерістерімен бірге) ескермей" деген сөздер алынып тасталсын;

3 3) 1-тармақта "мемлекеттік мекемелерге, кәсіпорындарға, колхоздар мен басқа да кооперативтік және қоғамдық ұйымдарға" деген сөздер "заңды тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын;

4 4) 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

2

"2. Мүлікті тыйым салудан босату жөніндегі талаптарды меншік иесі, сондай-ақ шаруашылық жүргізу, жедел басқару, жерді тұрақты пайдалану құқығымен мүлікке иелік ететін тұлғалар қоюы немесе өзге де заңнамалық актілерде не шарттарда көзделген негіздер бойынша қойылуы мүмкін. Мұндай істер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің (бұдан әрі - АІЖК) 27-тарауымен көзделген ерекше талап қою ісін жүргізу тәртібімен қаралады.";

5 5) 3-тармақта:

"211-бабының 4-тармағы" деген сөздер "242-бабының 4) тармақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;
"216-бабы" деген сөз "247-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

6 6) 4-тармақта:

"АК 244-бабына (жалпы бөлім)" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 244-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

7 7) 5-тармақта:

"АІЖК-нің 429-бабының 4-бөлігіне сәйкес" деген сөздер алынып тасталсын;
"107-бабы" деген сөздер "129-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

8 8) 7-тармақта:

"жинақ кассасында немесе КСРО-ның Мемлекеттік банкінде" деген сөздер "банкте" деген сөздермен ауыстырылсын;
"АК-нің 390-бабы" деген сөздер "АК-нің 740, 741-баптарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
"АІЖК-нің 393-бабы" деген сөздер "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

9 9) 8-тармақта:

"НОтК-нің 19, 22-26-баптары" деген сөздер "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 32, 34, 35, 37, 43-баптары" деген сөздермен ауыстырылсын;
"НОтК-нің 22-бабы" деген сөздер "Неке және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы" деген сөздермен ауыстырылсын;

10 10) 9-тармақтың екінші сөйлемі мынадай редакцияда жазылсын:

"Егер мүлікке салынған тыйымның заң бойынша өндіріп алуға жатпайтын затқа салынғаны анықталса, сот талапкердің келісімімен, АІЖК-нің 219-бабының 2-тармағының ережелерін ескере отырып, көрсетілген мүліктерді тыйым салудан босатуға құқылы.".

2 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, сондай-ақ жалпыға міндетті болып табылады әрі ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы