Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О состоянии работы акима Зыряновского района по исполнению Указа Президента Республики Казахстан N 3398 от 6 марта 1997 г. "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства"

Жарлық · № 539-к · қабылданған 29.06.1998
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-3398-6-1997/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О состоянии работы акима Зыряновского района по исполнению Указа Президента Республики Казахстан N 3398 от 6 марта 1997 г. "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства" Күшін жойған 29.06.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О состоянии работы акима Зыряновского района по исполнению Указа Президента Республики Казахстан N 3398 от 6 марта 1997 г. "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства"

Күшін жойған Жарлық № 539-к 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О состоянии работы акима Зыряновского района по исполнению Указа Президента Республики Казахстан N 3398 от 6 марта 1997 г. "О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства"
Атауы (қаз.)
"Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығын орындау жөніндегі Зырян ауданының әкімі жұмысының жағдайы туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
539-к
Қабылданған күні
29.06.1998
Көрсетілген редакция
29.06.1998 1156_256917.kaz
Соңғы өзгеріс
29.06.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V98V0000055
ЭКБ идентификаторы
1156
Редакция идентификаторы
1156_256917
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:39
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.06.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Шағын кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығын орындау жөніндегі Зырян ауданының әкімі жұмысының жағдайы туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 2004 жылғы 24 қыркүйектегі N 100 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейтуге және оны жандандыруға бағытталған актiлерiн орындау, жаңа жұмыс орындарын құру жөнiнде Зырян ауданының әкiмi белгiлi бiр жұмыс жүргiзуде.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамытудың басымдықтары және аймақтық бағдарламалары туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 7 шiлдедегi N 3589  Жарлығын орындау үшiн кәсiпкерлiктi қолдау және дамытудың 1997-1998 жылдарға арналған аудандық Бағдарламасы жасалған.
"Шағын кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк қолдауды күшейту және оны жандандыру жөнiндегi шаралар туралы" №3398 Жарлыққа сәйкес ауданда бос өндiрiстiк орынжайларды және аяқталмаған құрылыстардың объектiлерiн түгендеу жүргiзiлдi. 31 өндiрiстiк объект және аяқталмаған құрылыстың 41 объектi анықталды.
Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 7 объект және аяқталмаған құрылыстың 1 объектiсi сатылды, мұның өзi облыстық деңгейдiң тиiсiнше 10,3 процентi және 6,2 процентi, соңынан меншiгiне беру үшiн сенiмдi басқаруға 6 объект - 11, 5 процент - берiлдi.
Пәтерлердi офистерге және өндiрiстiк қызметке лайықтап қайта жобалаудың жеңiлдетiлген iс жосығына сәйкес 28 пәтер (облыстық деңгейдiң 3,8 процентi) қайта жөнделдi.
Ауданда рыноктық инфрақұрылым айтарлықтай дамыған. Аудандық кәсiпкерлер кеңесi құрылған.
Кәсiпкерлiк құрылымдарға екiншi дәрежедегi банктердiң несие беру көлемi ұлғайды.
Халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмiнiң шешiмiмен халықты жұмыспен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданған. Ауданның елдi мекендерi бойынша қосымша жұмыс орындарын құру кестесi бекiтiлген.
Сонымен қатар Зырян ауданы әкiмiнiң шағын кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту жөнiндегi жұмысында елеулi кемшiлiктер орын алған.
Мысалы, ауданда шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнен түсетiн салықтық түсiмдердiң азаю тенденциясы байқалады. Салықтық түсiмдердiң үлес салмағы өткен жылғы 5,8 процентке қарағанда 4,8 проценттi құрап отыр. Жеке кәсiпкерлердiң саны кемiдi. 1997 жылы ауданда 931 кәсiпкер тiркелсе, үстiмiздегi жылы - 411 тiркелген.
1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын кәсiпкерлiк субъектiлердiң кредиторлық берешектерiнiң сомасы аудан бойынша 232,07 млн теңгенi құрайды. Бұл ретте кредиторлық берешектiң жалпы көлемiндегi зейнеткерлiк қорға берешек 3 проценттi (ортаоблыстық көрсеткiш 1%) құрайды, бюджеттен тыс қорларға аудару - 5%, бюджетке төлеу - 17%, ортаоблыстық көрсеткiштер тиiсiнше 3% және 10%.
Ауданда жұмыссыздық деңгейiнiң өсуi байқалуда. Үстiмiздегi жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 5,8% , 1 маусымға - 7,1% болып отыр. Облыс бойынша көрсеткiш - 6,0%.
"Кәсiпкерлiк қызмет ерiктiлiктерiне мемлекеттiк кепiлдiктердi жүзеге асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 14 маусымдағы №3036 Жарлығы жеткiлiксiз орындалады. Ауданның бақылау қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдарының үйлестiрiлмеген iс-қимыл жасау оқиғалары бар.
Жоғарыда баяндалғандарға байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:

1. Зырян ауданы әкiмiнiң шағын кәсiпкерлiктi дамытуды жандандыру және жұмыс орындарын құру жөнiндегi жұмысты жеткiлiксiз жүргiзетiнi атап көрсетiлсiн.

2. Зырян ауданының әкiмi В.А.Доскалов:

1) жеке кәсiпкерлердiң жұмысын жандандыру және бюджетке түсетiн салықтық түсiмдердi арттыру жөнiнде нақты шаралар қолдансын;

2) халықты жұмыспен қамтамасыз ету, халықтың белсендi бөлiгi үшiн қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру жөнiнде нақты шаралар қолдансын;

3) аудандағы жұмыссыздық деңгейiн қысқарту жөнiндегi жұмысты жандандырсын;

4) "Шығыс Қазақстан облысы бақылаушы органдарының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге тексеру жүргiзу ережелерi туралы" облыстық мәслихаттың ХVI сессиясының шешiмiн орындау мақсатында шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн кешендi тексеру жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. Кәсiпкерлiк қызметке орынсыз кiрiсудiң әрбiр нақты фактiлерi бойынша шаралар қолдансын.

3. Облыстық экономика басқармасы (Цыганков А.Г.) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 6 наурыздағы N 3398 Жарлығын орындау жөнiндегi Зырян ауданының әкiмi жұмысының жағдайы туралы» мәселенi облыс әкiмiнiң жанындағы алқа мәжiлiсiне 1998 жылғы қазан айында қайтадан әзiрлесiн.

4. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау облыстық экономика басқармасына жүктелсiн.