О внесении изменения N 4 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения N 4 в приказ Министра экономики и бюджетного планирования Республики Казахстан от 24 декабря 2004 года N 168 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета"
- Атауы (қаз.)
- "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 4 өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 77
- Қабылданған күні
- 30.04.2007
- Көрсетілген редакция
- 22.12.2008 AI33383_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.12.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V070004684_
- ЭКБ идентификаторы
- 33383
- Редакция идентификаторы
- AI33383_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 15:42
0 "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығына N 4 өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2005 жылғы 12 мамырдағы N 69 бұйрығымен - N 3662 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 17 қаңтардағы N 1 бұйрығымен - N 4039 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 118 бұйрығымен - N 4353 болып тіркелген, бұйрықтарымен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3310 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
1 1) 120 "Жұмыс берушілердiң жарналары" ішкі сыныбында:
126 "Мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiнің мемлекеттік мiндетті жеке сақтандыруға жарналары" ерекшелігінде:
"Анықтама" деген бағандағы:
"Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Конституциялық Заңның 54-бабына және "Сот приставтары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес судьяларды, сот приставтарын сақтандыру" деген сөздер "қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамалық актiлерiмен белгіленген жағдайларда мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін мемлекеттік міндетті жеке сақтандыру жарналары" деген сөздермен ауыстырылсын.