Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых актов Акима области и внесении изменений и дополнений в решение Акима области N 6-215 от 26 июня 1998 года

Өзге акт · № 6-183 · қабылданған 06.06.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-6-215-26-1998/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых актов Акима области и внесении изменений и дополнений в решение Акима области N 6-215 от 26 июня 1998 года Күшін жойған 06.06.1999 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых актов Акима области и внесении изменений и дополнений в решение Акима области N 6-215 от 26 июня 1998 года

Күшін жойған Өзге акт № 6-183 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых актов Акима области и внесении изменений и дополнений в решение Акима области N 6-215 от 26 июня 1998 года
Атауы (қаз.)
Облыс Әкімінің кейбір актілерінің күшін жою және 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
6-183
Қабылданған күні
06.06.1999
Көрсетілген редакция
06.06.1999 4435_240428.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99D000118_
ЭКБ идентификаторы
4435
Редакция идентификаторы
4435_240428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Облыс Әкімінің кейбір актілерінің күшін жою және 1998 жылғы 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 24.08.2004 № 8-87 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 19 қаңтардағы "Мемлекеттік табиғи қорықтар мен ұлттық табиғи парктердің 1999 жылға арналған арнайы есеп шоттарын сақтау туралы" хатына және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының 1999 жылғы 24 ақпандағы N 156 тапсырмасына сәйкес облыс Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:

- облыс Әкімінің 1998 жылғы 7 тамыздағы "Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" N 8-248 шешімі;
- Облыс Әкімінің 1998 жылғы 26 тамыздағы "Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" N 8-248 шешімі;
- Облыс Әкімінің 1998 ж. 26 маусымдағы N 6-215 шешіміне N 1 қосымшасы.

2. Облыс Әкімінің 1998 жылғы 26 маусымдағы "Ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алу туралы" N 6-215 шешіміне мынадай өзгертулер енгізілсін.

Үшінші тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"Жергілікті мәндегі ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланудан түсетін қаржы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына, ал мемлекеттік парктер мен қорықтардан түсетін қаржы осы мекемелердің арнаулы есеп шоттарына жолдансын".

3. Алматы облысының ерекше қорғалатын аумақтарын пайдаланғаны үшін төлемдердің мөлшері N 1 қосымшаға сай бекітілсін.

4. Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қоры (Батырбеков Р.М.), Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғат паркі (Мырзабеков Ж.М.), "Алтын Емел" мемлекеттік ұлттық табиғат паркі (Тұрғанбаев Г.Т.):

- ерекше қорғалатын аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алуды N 1
қосымшаға сай мөлшерде ұйымдастырсын.

5. Алматы облыстық орман, балық және аң аулау шаруашылығы басқармасы (Чукарин В.Ф.), Талдықорған орман - аң аулау шаруашылығы (Демесінов А.), аудандар мен қалалар әкімдері Алматы облыстық қоршаған ортаны қорғау қорына ғимараттарды, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін ақы алуға қажетті жабдықтарды, өткізіп беруді қамтамасыз етсін.

6. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс Әкімінің бірінші орынбасары Ә.Ә. Тойбаевқа жүктелсін.

Алматы облысы Әкімінің

1999 жылғы 7 маусымдағы

шешіміне қосымша

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға кіру төлемдерінің мөлшері

№ р/с
Аталуы
Төлем мөлшері, теңге
Қазақстан Республикасы
Басқа мемлекеттер
1.
Жеке тұлғалар:
үлкендер
100
100
мектеп жасындағы балалар
50
50
2.
Автокөлік:
а) 5 орынға дейін, жүргізушіні қосқанда
300
500
б) 6-дан 10 орынға дейін, жүргізушіні қосқанда
500
800
в) 10-нан артық орын (автобус), әр жолаушыдан
100
200
г) жүк таситын
650
800
д) бағытта автобустань алынатын төлем, бір жылға
15000
-
3.
Жыл бойы аумаққа кіру құқығын беретін жолдама
8000
8000
4.
Стационарлық санаторий-курорттық объектілерден (демалыс үйлері, пансионаттар, турбазалар, балалар лагерлері), ұлттық парктің ішінде орналасқан кәсіпорындардан, ұйымдардан, меншіктің барлық түріндегі мекемелерден табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы, айына 1 га. үшін есебімен
4000
6000
5.
Маусымдық рекреациондық учаскелерді пайдаланғаны үшін ақы, айына 1 га үшін есебімен
14000
14000
6.
Қоғамдық тамақтандыру пункттеріне бөлінген учаскелерді пайдаланғаны үшін ақы айына 0,01 га үшін есебімен
2500
3000
7.
Тұрақты тұрғындар мен саяжай иелерінен және ұлттық парк аумағындағы мекемелерде істейтін қызметкерлерден табиғи ресурстарды пайдаланғаны, рекреациондық салмақ, жыл бойы аумаққа кіргені үшін төлемақы
150
-

х) Төлемдер сомасы ең төмен есептеу көрсеткішіне шаққандағы

процентпен есептеледі.
Ескерту:

1. Ұйымдасқан туристік топтардан ақы табиғат қорғау мекемелері

көрсететін қызмет калькуляциясына сай алынады.

2. Ерекше қорғалатын аумақтар арқылы транзитпен өту үшін ақы мына мөлшерде: 15 орынға дейінгі жеңіл автомобильдер мен микроавтобустардан, Қазақстан Республикасы үшін - 0,3 басқа республикалар үшін - 0,6; 15-тен жоғары орынды автобустардан сәйкес 1 және 2; 3,5 тоннадан 16 тоннаға дейінгі жүк машинасынан - 1,5 және 3; 16 тоннадан артық - 3 және 4,5 ең төменгі есептеу көрсеткіштерімен алынады.

3. Ақы төлеуден тек ҰОС (ВОВ) қатысушылары мен оларға теңестірілгендер, барлық топтағы мүгедектер, мектеп жасына дейінгі балалар босатылады.

ҰҚК, құқық қорғау, салық, кеден кызметі, МТЖК (ГКЧС), әкімшіліктер қызметкерлері қызмет сапарларының қажеттілігін құптайтын құжаттары болған жағдайда тегін өтеді.

4. Коммерциялық тасымал үшін пайдаланылатын автокөлік және автомобиль әкеле жатқан жеке тұлғалар ақы төлеуден босатылмайды.