О внесении дополнений в решение районного маслихата N 61 "Об оказании социальной помощи" от 18.04.2008 года, зарегистрированное в Управлении юстиции Каргалинского района N 3-6-65 от 28.04.2008 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в решение районного маслихата N 61 "Об оказании социальной помощи" от 18.04.2008 года, зарегистрированное в Управлении юстиции Каргалинского района N 3-6-65 от 28.04.2008 года
- Атауы (қаз.)
- Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 78
- Қабылданған күні
- 29.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2011 41259_204348.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08CF000070
- ЭКБ идентификаторы
- 41259
- Редакция идентификаторы
- 41259_204348
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:02
0 Қарғалы аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 28 сәуірде N 3-6-65 болып тіркелген аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 18 сәуірдегі "Әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 61 шешіміне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 – ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан республиасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі № 548-ІІ «Қазақстан Республикасының бюджеттік кодексі» Кодексінің 53 бабы 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес және күнделікті пайдаланылатын тауарларға бағалардың көтерілуіне байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1
1. Қарғалы аудандық мәслихаттың «Әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 61 шешімінің (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3-6-65 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 13 мамырда «Қарғалы» газетінің № 21-22 жарияланған) 2 тармақтағы «көгілдір отынмен» деген сөздерден кейін «үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсету үшін» деген сөздермен толықтырылсын.
2 2. Мынандай мазмұнда 3 тармақпен толықтырылсын:
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 160-п бекіткен бұйрығына сәйкес, жиынтық табысы кедейшілік деңгейінен төмен болған аз қамтылған отбасыларға ай сайын облыста белгіленген үш мың теңге көлемінде ақшалай көмек көрсетілсін, ең кіші көрсеткіштегі және ең кіші көрсеткіштен төмен зейнетақы алатын зейнеткерлерге, сондай – ақ, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге және мүгедектік тобы бар бала кезінен мүгедектерге айлық есептік көрсеткіштің 1,5 мөлшерінде, аудандық білім бөлімі тарапынан ай сайынғы берілген тізімдерге сәйкес үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде ақшалай материалдық көмек көрсетілсін.