О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области N 68 от 4 марта 2005 года (зарегистрировано в департаменте юстиции 1.04.2005 г. N 3105)
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Актюбинской области N 68 от 4 марта 2005 года (зарегистрировано в департаменте юстиции 1.04.2005 г. N 3105)
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы (әділет департаментінде 1.04.2005 ж. N 3105 тіркелген)
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 27.04.2005
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2009 24050_146907.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2009
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V05C0003145
- ЭКБ идентификаторы
- 24050
- Редакция идентификаторы
- 24050_146907
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 18:48
0 Ақтөбе облысы әкімдігінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 68 қаулысына толықтырулар енгізу туралы (әділет департаментінде 1.04.2005 ж. N 3105 тіркелген)
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 20 желтоқсандағы N 13 Заңымен өзгерістер енгізілген салық және бюджетке төленетін міндетті басқа да төлемдер туралы (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы N 209-ІІ Кодексінің 21 бабын орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Біржолғы талондарды беру және сомаларды жинау жұмысын ұйымдастыру қағидасының 1 қосымшасына мынадай толықтыру енгізілсін:
Олар мына мәтіндегі 3 және 4 тармақтармен толықтырылсын;
"3. Жеке трактор иелерінің жер учаскесін өңдеу жөнінде көрсететін қызметтері";
"4. Жеке жеңіл және жүк автокөлік иелерінің жолаушы және жүк тасымалы бойынша көрсететін қызметтері (лицензияланатын тасымалды қоспағанда)".