Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений N 75 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации"

Бұйрық · № 317 · қабылданған 09.07.2002
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/n-75-30-1999-n-715/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений N 75 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации" Күшін жойған Бұйрық ·№ 317 ·09.07.2002
02.06.2005 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений N 75 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 317 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений N 75 в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 30 декабря 1999 года N 715 "Об утверждении Единой бюджетной классификации"
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бірыңғай бюджет сыныптамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 75 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
317
Қабылданған күні
09.07.2002
Көрсетілген редакция
02.06.2005 AI12741_2.kaz
Соңғы өзгеріс
02.06.2005
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V020001920_
ЭКБ идентификаторы
12741
Редакция идентификаторы
AI12741_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
04.08.2026 22:56

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бірыңғай бюджет сыныптамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 бұйрығына N 75 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Бірыңғай бюджет сыныптамасын бекіту туралы" 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715  бұйрығына  мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджет сыныптамасында:
бюджет шығындарының функционалдық сыныптамасында:

1 1) 259 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық меншіктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 2 "Қаржылық қызмет" кіші функциясының 1 "Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 061 бағдарламасымен толықтырылсын:

"061 Коммуналдық меншікке түскен мүліктерді есепке алу, сақтау, бағалау және іске асыру";

2

2) 226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" бағдарлама әкімшісі бойынша 2 "Халықтың денсаулығын сақтау" кіші функцияда 5 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында 051 "Сақтандыру және қауіпті жұқпалылармен қарсы күрес" бағдарламасының 030 "Атырау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Маңғыстау, Шымкент, Қызылорда обаға қарсы станциялары" бойынша кіші бағдарламадағы "Қызылорда" деген сөзден кейін "Жамбыл, Шалқар" деген сөздермен толықтырылсын;

3 3) 274 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көліктің атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 3 "Сумен жабдықтау" кіші функциясының 7 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:

"030 Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде коммуналдық меншіктегі ұйымдарды техникалық жарақтандыру";

4 4) 257 "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауыл шаруашылық атқарушы органы" бағдарлама әкімшісінің 1 "Ауыл шаруашылығы" кіші бағдарламасының 10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау" функционалдық тобы мынадай мазмұндағы 037 бағдарламамен толықтырылсын:

"037 Жергілікті деңгейде асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау".

2 2. Заң қызметі департаменті (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттік бюджет департаменті (Б.Т.Сутулов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың 2002 жылдың 7 маусымынан бастап туындаған қатынастарға қолданылатын 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

Премьер-Министрдің орынбасары -
Қаржы министрі

Қолданыстағы