О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области N 806 от 4 февраля 2000 года
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Акима Восточно-Казахстанской области N 806 от 4 февраля 2000 года
- Атауы (қаз.)
- Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 806 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 861
- Қабылданған күні
- 17.05.2000
- Көрсетілген редакция
- 17.05.2000 6084_261723.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.05.2000
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V00V0000331
- ЭКБ идентификаторы
- 6084
- Редакция идентификаторы
- 6084_261723
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:28
0 Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 806 шешiмiне өзгертулер енгiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ШҚО әкімінің 2004 жылғы 28 шілдегі N 90 шешімімен.
"Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамының директорлар кеңесiнің 2000 жылғы 26 ақпандағы отырысының шешiмi негiзiнде ШЕШIМ қабылдаймын:
1. Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнің 2000 жылғы 4 ақпандағы N 806 шешiмiнің 4 тармағы өзгертiлiп, мынадай редакцияда оқылсын: "Зырян қорғасын комбинаты" ашық акционерлiк қоғамы (П.Г.Митрофанов), Шығыс Қазақстан облысының коммуналдық меншiк басқармасы (Ж.Қ.Егiзбаев) Зырян кенiшiн тарату бойынша мердiгерлiк жұмыстарды орындағаны үшiн жартылай төлемақы есебiнде Зырян кенiшiнің жабдықтары мен мүлкiн олардың қалдық құны бойынша "Қазмырыш" ашық акционерлiк қоғамына берудi ұйымдастырсын. Зырян кенiшiнің таукен өндiрiмдерi, жер үстiндегi ғимараттар мен құрылыстары кенiштi тарату жөнiндегi бекiтiлген және келiсiлген жобаға сәйкес таратылсын".