Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
107-бап. Сот шешімі бойынша электрондық аукциондар қорытындыларының күшін жою нәтижесінде салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 120. Понятие излишне уплаченной суммы налога, платежа в бюджет или пеней, штрафа
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Соттың заңды күшіне енген шешімімен уәкілетті заңды тұлға өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші жойылған жағдайда, салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың және айыппұлдың төленген сомасын қайтару уәкілетті орган бекіткен нысандағы уәкілетті заңды тұлғаның салықтық өтініші (бұдан әрі осы баптың мақсаты үшін – қайтаруға арналған өтініш) негізінде жүргізіледі.
Қайтаруға арналған өтінішке:
1) заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі;
2) уәкілетті заңды тұлғаның салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды және айыппұлды төлегені туралы төлем құжатының көшірмесі қоса беріледі.
2. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың, айыппұлдың төленген сомасын қайтаруды төленген жердегі салық органы қайтаруға арналған өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті заңды тұлғаның банктік шотына ұлттық валютада жүргізеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-107/