НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

120-бап. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

өсімпұлдың, айыппұлдың артық төленген сомасы туралы ұғым
1. Салықтың, бюджетке төленетін төлемнің немесе өсімпұлдың артық төленген сомасы – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың осы түрі бойынша бюджетке төленген және есептелген, есепке жазылған сомалар, сондай-ақ есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу күніне басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған және салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма. Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы баптың 2, 3 және 4-тармақтарында көзделген салықтар мен бюджетке төленетін төлемдер бойынша артық төленген сомаларды айқындау кезінде қолданылмайды.
2. Қосылған құн салығының артық төленген сомасы – салықтық кезең үшін қосылған құн салығының бюджетке төленген (түскен) және есептелген, есепке жазылған сомалары, сондай-ақ алдыңғы салықтық кезеңдер үшін қосылған құн салығы бойынша есеп айырысуларды ескере отырып, басқа салықты, бюджетке төленетін төлемді, өсімпұлды төлеу есебіне есепке жатқызылған және салық төлеушіге қайтарылған сомалар арасындағы оң айырма.
3. Осы тармақта санамаланған салықтардың немесе бюджетке төленетін төлемдердің артық төленген сомалары деп мыналар танылады:
1) жүзеге асыру үшін төлемдерді төлеу талап етілетін әрекеттерді салық төлеушінің жасамауы (оның ішінде, тиісті құжаттарды бергенге дейін оның әрекеттер жасаудан бас тартуы нәтижесінде) фактісін тиісті уәкілетті мемлекеттік орган электрондық база арқылы және (немесе) қағаз жеткізгіштерде растаған кезде төленген: тіркеу алымы; жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензиялар бергені үшін алым; радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым; АХҚО-ның инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым; мемлекеттік баж; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы сомасы;
2) АХҚО инвестициялық резиденті болып табылатын шетел азаматына немесе азаматтығы жоқ адамға резиденттігін растайтын құжатты беруден бас тартқан кезде – көрсетілген құжатты бергені үшін төленген алым сомасы;
3) есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалануға жататын акцизделетін тауарларды өндіру бойынша салық төлеушінің қызметі тоқтатылған және бұрын алынған осындай маркаларды қабылдау-беру актісі бойынша салық органына қайтарған кезде – осындай тауарлар үшін акциздердің төленген сомасы;
4) аукцион жеңімпазын айқындауға әсер еткен, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында белгіленген өткізу қағидаларының бұзылуына байланысты жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған аукцион жарамсыз деп танылған кезде – қол қою бонусының төленген сомасы;
5) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың ережелерін қолданатын бейрезидент-салық төлеушіге қайтарылуға жататын табыс салығының сомасы – табыс салығының төленген немесе аударылған сомасы.
4. Қайтару мақсаттары үшін артық төленген сома деп мыналар танылады:
1) айыппұлдың күші жойылған немесе айыппұл мөлшері азайтылған кезде – салық салу, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасы саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша құқыққа сыйымсыз салынған айыппұлдың төленген сомасы;
2) әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау мақсатында айыппұл төлеген кезде – айыппұлдың артық төленген сомасы;
3) билік ету шектелген (кепілге қойылған) мүлікті өткізу жөніндегі функциялар берілген ұйым өткізген электрондық аукцион қорытындыларының күші заңды күшіне енген сот актісі бойынша жойылған кезде – салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұл мен айыппұлдың төленген сомасы;
4) мемлекеттік баждың: іс тараптардың татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісіммен аяқталған кезде: бірінші және апелляциялық сатылардағы соттарда – толық көлемде; кассациялық сатыдағы сотта – сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым берген кезде төленген соманың 50 пайызы мөлшерінде төленген сомасы;
5) мемлекеттік баждың: істі төрелікке берген; талап қоюды немесе өзге де арызды (шағымды) қайтарған немесе оны қабылдаудан бас тартқан, сондай-ақ нотариустар немесе оған уәкілетті адамдар нотариаттық әрекеттерді жасаудан бас тартқан; егер іс сотта қаралуға жатпайтын болса, сондай-ақ егер талап қоюшы дауды алдын ала шешудің осы санаттағы істер үшін белгіленген тәртібін сақтамаса не талап қоюды әрекетке қабілетсіз адам берген болса, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған немесе талап қою қараусыз қалдырылған; мемлекеттік бажды төлеген адамдар заңдық мәні бар әрекеттерді жасаудан немесе осы заңдық мәні бар әрекеттерді жасайтын органға жүгінгенге дейін құжатты алудан бас тартқан; сот актісін кассациялық тәртіппен қайта қарау туралы кассациялық шағым қайтарылған; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де жағдайлар басталған кезде толық көлемде төленген сомасы;
6) талап қоюшы сотқа талап қою және өзге де арыздар (шағымдар) беру кезінде өз талаптарын азайтқан жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік баж төлеу есебіне осы Кодекс бойынша талап етілгеннен көп мөлшердегі соманы енгізген кезде мемлекеттік баждың артық төленген сомасы.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-120/