О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

125-бап. Салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Осы Кодекстiң 121-бабы 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген барлық шара қабылданғаннан кейін салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салықтық берешек сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап арызбен сотқа жүгінеді. Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді төлеу жөніндегі салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлды, айыппұлдарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мерзімдері соттың жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-125/