Қолданыста
·
01.07.2026 редакциясы
188-бап. Салық төлеушінің (салық агентінің) жарияланған акцияларын
НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII
Бұрынғы кодексте:
Статья 125. Принудительный выпуск объявленных акций
· толық сәйкестік кестесі
мәжбүрлеп шығарту
Салық төлеушінің (салық агентінің) жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығарту салық төлеуші (салық агенті) – жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам мынадай:
1) осындай тұлғаның банктік шоттарындағы ақша есебінен;
2) осындай тұлғаның дебиторларының шоттарынан;
3) осындай тұлғаның билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қабылданғаннан кейін салықтық берешегінің сомаларын өтемеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығарту туралы талап қоюмен сотқа салық органының жүгінуі арқылы қолданылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-188/