О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

131-бап. Деңгейлес мониторинг

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Деңгейлес мониторинг уәкілетті орган мен салық төлеуші арасында ақпарат және құжаттар алмасуды көздейді, ол мынадай: ынтымақтастық; негізделген сенім; заңдылық; айқындық; кеңейтілген ақпараттық өзара іс-қимыл жасау қағидаттарына негізделеді. Деңгейлес мониторинг туралы келісімнің нысанын уәкілетті орган белгілейді.
2. Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторинг жүргізіледі және ұзарту мүмкіндігімен үш жылдың ішінде қолданыста болады. Бұл ретте деңгейлес мониторинг туралы келісімді жасасу және бұзу тәртібін, сондай-ақ деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалатын салық төлеушілердің санатын уәкілетті орган белгілейді. Деңгейлес мониторинг туралы келісім жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап деңгейлес мониторингке жататын салық төлеушілер ірі салық төлеушілер мониторингіне жататын салық төлеушілер болып табылмайды.
3. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу:
1) бір мезгілде мынадай шарттар сақталған: деңгейлес мониторингте тұрған салық төлеушінің деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламамен келіскен; деңгейлес мониторинг нәтижелері бойынша хабарламаға сот тәртібімен шағым жасау фактісі болмаған кезде деңгейлес мониторинг;
2) салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған кезеңге салықтық тексеру нәтижелері бойынша осындай бұзушылық фактісі анықталған кезде басталмайды, ал басталған іс тоқтатылуға жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-131/