О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

137-бап. Тәуекел өлшемшарттары

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілетін белгілердің жиынтығы тәуекел өлшемшарттары болып табылады. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін салық органы айқындайды және ол жария етуге жатпайтын (оның ішінде тәуекел дәрежесін (деңгейін) бағалау жүргізілген салық төлеушіге) құпия ақпарат болып табылады.
2. Осы Кодекстің 136-бабының 5-тармағы 3) тармақшасының мақсатында тәуекел өлшемшарттарын және тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
3. Осы Кодекстің 136-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларын іске асыру мақсатында құпия өлшемшарттармен қатар құпия ақпарат болып табылмайтын өлшемшарттар қолданылады. Тәуекел өлшемшарттарын және мұндай өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-137/