Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
14-бап. Салық агентінің құқықтары мен міндеттері
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 43. Права и обязанности налогового органа
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
Салық агентінің, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеуші сияқты құқықтары болады және ол сондай міндеттерді орындайды.
Салық агенті интернет-платформа операторы атынан Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес орындаушылар болып табылатын, арнаулы мобильдік қосымша пайдаланылатын арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер үшін жеке табыс салығын және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 102-1-бабының 1-тармағында көрсетілген әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және аударуды жүргізеді.
Көрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу интернет-платформа арқылы жүргізілмейтін интернет-платформа операторлары салық органдарына интернет-платформада тіркелген, интернет-платформаны пайдалана отырып, тапсырыс берушілерге қызметтер көрсететін немесе тапсырыс берушілерге жұмыстарды орындайтын тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде ұсынуға міндетті.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-14/