О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

150-бап. Тексерудің стандартты файлы

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Тексерудің стандартты файлы салық органдарының ақпараттық жүйелері арқылы талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, салық төлеушінің (салық агентінің) электрондық форматтағы бухгалтерлік есепке алу деректерін білдіреді. Салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған осындай файлды салық органдарының ақпараттық жүйесіне жүктеу арқылы ерікті түрде ұсынады. 2. Салықтық тексеру, оның ішінде салық төлеуші (салық агенті) тексерудің стандартты файлын ұсынған жағдайда тексерудің стандартты файлы қолданыла отырып: тәуекел дәрежесін бағалау негізінде мерзімдік салықтық тексеру жүргізу кезінде – нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде; жоспардан тыс салықтық тексеруді жүргізу кезінде – нұсқама табыс етілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жүзеге асырылады. Стандартты файлдың нысанын және оны жасау тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-150/