НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

150-бап. Алдын ала түсіндірмені ұсыну тәртібі

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Уәкілетті орган жоспарланып отырған мәмілелерге (операцияларға) қатысты салықтық міндеттеменің туындауы бойынша алдын ала түсіндірме ұсыну туралы деңгейлес мониторингке қатысушының сұрау салуы (бұдан әрі осы тараудың мақсатында – сұрау салу) бойынша алдын ала түсіндірме ұсынады.
2. Сұрау салуда:
1) деңгейлес мониторингке қатысушының сәйкестендіру деректері;
2) жоспарланып отырған мәміленің (операцияның) мақсаты мен шарттарының, оның ішінде тараптардың құқықтары мен міндеттерінің сипаттамасы;
3) жоспарланып отырған мәмілеге (операцияға) қатысты салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді есептеу мәселесі бойынша деңгейлес мониторингке қатысушының ұстанымы;
4) қоса беріліп отырған құжаттардың, оның ішінде сұрау салуда көрсетілген мәліметтерді растайтын құжаттардың тізбесі (бар болса);
5) қол қойылған күні қамтылуға тиіс. Сұрау салуда алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар өзге де мәліметтер көрсетілуі мүмкін.
3. Деңгейлес мониторингке қатысушы уәкілетті орган алдын ала түсіндірме ұсынған күнге дейін сұрау салуды кері қайтарып алуға құқылы.
4. Деңгейлес мониторингке қатысушының осы баптың 2-тармағында белгіленген талаптарды сақтамауы сұрау салуды қараудан бас тартуға негіз болып табылады.
5. Сұрау салуды қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
6. Алдын ала түсіндірмені дайындау барысында уәкілетті орган деңгейлес мониторингке қатысушыны алдын ала түсіндірмені дайындау үшін маңызы бар қосымша мәліметтер алу үшін шақыруға құқылы.
7. Алдын ала түсіндірме деңгейлес мониторингке қатысушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар шегінде ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-150/