Күшін жойған
·
01.01.2026 редакциясы
176-1-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру
О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI
Жаңа кодексте:
Статья 180. Прослеживаемость оборота товаров, ввезенных на таможенную территорию ЕАЭС
сәйкестік: орташа
· толық сәйкестік кестесі
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымын қадағалап отыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлардың айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі ұлттық қадағалап отыру жүйесі болып табылады.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
электрондық құжаттар түрінде ресімдеу техникалық іркілістерден болған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына, байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуына, электр энергиясының өшіп қалуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады.
4. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттан туындайтын тауарлардың айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Уәкілетті орган:
1) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлардың айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.
6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеу қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-176-1/