НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

180-бап. ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлардың

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

айналымын қадағалап отыру
1. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес ЕАЭО-ның кедендік аумағына әкелінген тауарлар айналымын қадағалап отыру ұлттық қадағалап отыру жүйесі пайдаланыла отырып, қадағалап отыруға жататын тауарларды және осындай тауарлар айналымына байланысты операцияларды есепке алу жүйесін ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
2. Ұлттық қадағалап отыру жүйесі – қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді жинауды, есепке алуды және сақтауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта айқындалған тәртіппен және мерзімдерде қамтамасыз ететін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесі.
3. Қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын жүзеге асыратын салық төлеушілер:
1) электрондық құжаттар түрінде ресімдеу: техникалық іркілістерден; байланыс құралдарының (телекоммуникация желілерінің және Интернет ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің) жұмысының бұзылуынан; электр энергиясының өшіп қалуынан; халықаралық шартта белгіленген тәртіппен айқындалған өзге де жағдайларда туындаған ақпараттық жүйелердің жарамсыздығына байланысты мүмкін болмайтын жағдайды қоспағанда, ілеспе құжаттарды электрондық құжаттар түрінде ресімдеуге;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесіне енгізілуге жататын толық және анық мәліметтерді ұсынуға міндетті. Электрондық шот-фактура ұлттық қадағалап отыру жүйесінің ілеспе құжаты болып табылады. Бұл ретте алып өткен кезде тауарларға ілеспе жүкқұжатты ресімдеу талап етілетін тауарлар бойынша электрондық шот-фактура тауарларға ілеспе жүкқұжат негізінде жазып беріледі.
4. Халықаралық шарттан туындайтын тауарлар айналымын қадағалап отыру жөніндегі міндеттерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін салық төлеушілер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
5. Салық органы:
1) халықаралық шартқа сәйкес қадағалап отыруға жататын тауарлар айналымын қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуін;
2) ұлттық қадағалап отыру жүйесінде қамтылған, қадағалап отыруға жататын тауарлар және осындай тауарлардың айналымына байланысты операциялар туралы мәліметтерді халықаралық шартқа сәйкес ЕАЭО-ға мүше тиісті мемлекетке жіберуді қамтамасыз етеді.
6. Тауарларды қадағалап отыру тетігінің жұмыс істеуі қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-180/