О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

227-бап. Өткізуден түсетін кіріс

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Жаңа кодексте: Статья 239. Доход от реализации орналасуы бойынша · толық сәйкестік кестесі
1. Осы Кодекстiң 228 – 240-баптарына сәйкес жылдық жиынтық кіріске енгiзiлетiн кірістерден, сондай-ақ осы Кодекстiң 258-бабының 1-тармағында көрсетiлген шығыстардың сомасынан аспайтын бөлiкте осы Кодекстiң 258-бабының 4-тармағында көрсетiлген кірістерден басқа, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi өткiзу кезінде туындайтын кіріс сомасы өткізуден түсетiн кіріс болып танылады.
2. Өткізуден түсетін кіріс өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер құнының мөлшерінде, оған қосылған құн салығы мен акциздің сомасы қосылмастан айқындалады.
3. Өткізуден түсетін кірісті тану күні халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және (немесе) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес айқындалады.
4. Қызметтер көрсетуден түсетін кіріске осы бөлімнің мақсаттарында, сондай-ақ:
1) кредит (қарыз, микрокредит) бойынша, репо операциялары бойынша сыйақылар түріндегі кіріс;
2) мүлікті лизинг шарты бойынша беру жөніндегі сыйақылар түріндегі кіріс;
3) роялти;
4) мүлікті лизингтен басқа, мүліктік жалдауға (жалға беруге) тапсырудан түсетін кіріс жатады.
5. Өткізуден түсетін кіріс Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен түзетілуге жатады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-227/