О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

23-бап. Уәкілетті органның әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылы

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

1. Жергілікті әскери басқару органдары мерзімді әскери қызметке шақырылған және мерзімді әскери қызметтен шығарылған жеке тұлғалар туралы мәліметтерді уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) жеке тұлғалар жылдың сәуірінде - маусымында: мерзімді әскери қызметке шақырылған; мерзімді әскери қызметтен шығарылған болса, сол жылдың 31 шілдесінен кешіктірмей;
2) жеке тұлғалар жылдың қазанында - желтоқсанында: мерзімді әскери қызметке шақырылған; мерзімді әскери қызметтен шығарылған болса, сол жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарынан кешіктірмей ұсынады.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жергілікті әскери басқару органдарының тізбесін уәкілетті органға мынадай мерзімдерде:
1) осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 қаңтарынан кешіктірмей;
2) осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей ұсынады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-23/