НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

53-бап. Салық органының Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл жасауы

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

1. Салық органы салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру кезінде Ұлттық Банкпен өзара іс-қимыл жасайды. Өзара іс-қимыл жасау шеңберінде мәліметтерді ұсыну ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы жүзеге асырылады. Ақпараттық жүйелер интеграцияланғанға дейін мәліметтер қағаз жеткізгіште не өзге де электрондық тәсілмен ұсынылуы мүмкін.
2. Ұлттық Банк:
1) салықтық әкімшілендіруді жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда салық органына жәрдем көрсетуге;
2) ақпараттық жүйелердің салық органының ақпараттық жүйесімен интеграциялануын қамтамасыз етуге;
3) салық органына өз құзыреті шегінде өздеріне жүктелген міндеттерді орындау мен функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді, оның ішінде уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің бірлескен актісімен бекітілген өзара іс-қимыл жасау қағидаларында (бұдан әрі – уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидалары) белгіленген тізбеге, мерзімге, тәртіпке және нысандарға сәйкес дербес деректер қамтылған мәліметтерді ұсынуға міндетті. Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы мәліметтер алмасылған жағдайда мәліметтерді ұсынудың жеке тәртібін белгілеу талап етілмейді.
3. Ұлттық Банк пен банк ұйымдары салық органына валюталық түсімнің түсуі туралы қорытынды ұсынады. Валюталық түсімнің түсуі туралы қорытындының нысаны, осындай қорытындыны ұсынудың тәртібі мен мерзімдері уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленеді.
4. Ұлттық Банк:
1) жеке тұлғаның (жеке тұлғаға), заңды тұлғаның (заңды тұлғаға), сондай-ақ заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесіне) мәмілелер (келісімшарттар) бойынша, оның ішінде тауарсыз операциялар бойынша уәкілетті банктер арқылы жүргізілген, 50 000 АҚШ доллары сомасы баламасындағы валюталық операциялар бойынша Қазақстан Республикасынан және Қазақстан Республикасына төлемдері және (немесе) ақша аударымдары туралы уәкілетті банктерден алынған ақпаратты уәкілетті органға береді;
2) осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 39) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасындағы көздерден бейрезиденттің кірістері деп танылатын операциялар туралы мәліметтерді салық органына ұсынады;
3) АХҚО қатысушылары АХҚО аумағында жүргізілген валюталық операциялар туралы АХҚО-ның Қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінен алынған мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат пен мәліметтер уәкілетті орган мен Ұлттық Банктің өзара іс-қимыл жасау қағидаларында белгіленген тәртіппен, нысан бойынша және мерзімдерде ұсынылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-53/