О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) Күшін жойған Кодекс ·№ 120-VI ·25.12.2017
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды. Әр баптың орнына не келгенін қараңыз
Күшін жойған · 01.01.2026 редакциясы

236-бап. Кен орындарын әзірлеу салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс

О НАЛОГАХ И ДРУГИХ ОБЯЗАТЕЛЬНЫХ ПЛАТЕЖАХ В БЮДЖЕТ (НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС) · № 120-VI

Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңіне қалыптастырылған кен орындарын әзірлеу салдарын жою қоры есебінен жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде кен орындарын әзірлеу салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтайтын салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады. Бұл ретте жылдық жиынтық кіріске қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде, жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 252-бабына сәйкес жүргізген жылдық жиынтық кірісті түзету сомасына азайтылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk-2017/st-236/