НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН Қолданыста Кодекс ·№ 214-VIII ·18.07.2025
Қолданыста · 01.07.2026 редакциясы

298-бап. Кен орындарын игеру салдарын жою қорына аударымдар сомасының кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстар сомасынан асып кетуiнен түсетін кіріс

НАЛОГОВЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН · № 214-VIII

Егер жер қойнауын пайдаланушының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде, кен орындарын игеру салдарын жою қоры есебінен жүргізілген, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың бүкіл қолданылу кезеңінде қалыптастырылған кен орындарын игеру салдарын жою бойынша іс жүзіндегі шығыстары көрсетілген қорға жүргізілген аударымдардан төмен болса, онда айырма жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылуы тоқтайтын салықтық кезеңнің жылдық жиынтық кірісіне қосуға жатады. Бұл ретте жылдық жиынтық кіріске қосуға жататын мұндай айырманың сомасы жер қойнауын пайдаланушының жою қорының қаражатын мақсатсыз пайдалануына байланысты жер қойнауын пайдаланушы осы Кодекстің 301-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу кезеңі ішінде жүргізген жылдық жиынтық кірісті түзету сомасына азайтылады.
Бапқа тұрақты сілтеме
https://adilet.kz/laws/nk/st-298/